Елімізде құжат рәсімдеу жеңілдетіледі

433

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілені енді еліміздегі кез-келген нотариуста рәсімдей алады.  

Елімізде құжат рәсімдеу жеңілдетіледі Фото: otyrar.kz

Ал, үйдің техникалық құжатын халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ "Электрондық үкімет" порталынан алуға болады. Бұл жөнінде Қонаев қаласында халықпен кездесуінде әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құр-бандарына, 1 және 2 санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру тегін көрсетіледі. Бұл қызметке 10 ай ішінде Алматы облысында алты жарым мың азамат жүгінген. Дегенмен облыстағы сот орындаушылары мен адвокаттардың жұмысында кемшіліктер бар" - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу