Елімізде қылмыс деңгейі 15,2%-ға азайды

529

57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Елімізде қылмыс деңгейі 15,2%-ға азайды Фото: freepik

Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеп келеді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Елімізде қылмыстың 15,2%-ға, яғни 116 101-нан 98 454-ке төмендеуі байқалуда. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 4,1%-ға (1 693-тен 1 624-ке), ауыр қылмыстар – 16,5%- ға (31 128-ден 25 990-ға), ауырлығы орташа қылмыстар –17,9%-ға (49 762-ден 40 857-ге), онша ауыр емес қылмыстар 9,8%-ға (17 514-тен 15 793-ке) азайған. Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты", - делінген хабарламада.

Тағы 671 адам қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды.

Бұдан басқа азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14%-ға қысқарып, прокурорлар актісімен 9 тұлға ақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу