Елімізде қыс қарлы болады

1657

Елімізде қыс қарлы болады

Елімізде биыл қыс ерте  түседі деп болжанып отыр.  "Қазгидромет" РМК ауа райының ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева баспасөз жиынында осылай деп мәлімдеді.

"Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, елімізде қыс ерте келіп, қарлы болады. Солтүстікте қарашаның алғашқы жартысында, ал  оңтүстік аймақтарда қарашаның екінші жартысында қар жататын болады", – деді Г. Ақышева.

Оның сөзіне қарағанда, қарашада ауа райы құбылмалы болады, яғни жауын-шашын мен тұман, көктайғақ жиі болады. Атап айтқанда, еліміздің басым бөлігінде температуралық режим климаттық норма сай қалыптасып, жауын-шашын нормадан артық түспек.

"Қарашаның екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте ауа температурасы күрт төмендейді. Ол кезде солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде ауаның сынап бағанасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендесе, күндіз  8-15 температураны көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік аумақтарда түнде 5-12, күндіз 0-5 градус деңгейінде байқалмақ",-– деді ол.

ҚазАқпарат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу