Биыл СОFCO, "Еуразия Агро Холдинг" және "Қызылорда агро плюс" компаниялары қызанақ өңдейтін құны 3,85 млрд теңге болатын зауыт салмақшы. Бұл туралы "Еуразия Агро Холдинг" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның ақпараты бойынша, кәсіпорын жылына 12,75 мың тонна паста шығаруға қауқарлы. Зауытта 600 адам жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қытай Қазақстанның ауыл шаруашылығына атсалысуға мүдделі екені бұған дейін айтылған болатын. Қазақстанда қызанақ өсіру және оны өңдеу қытайлық COFCO компаниясы үшін ынтымақтастықтың басым бағытына ие. Компания "Еуразия Агрохолдинг" компаниясымен бірге Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында (26,3 млрд теңге) қызанақ өсіру және қызанақ пастасын өндіру кластері құру жобаларына құны 80 млн доллардан астам инвестиция құюға ниетті. Жобаларды бірлесіп іске асырудың есебінен томат өндірісін 120 мың тоннаға арттыру көзделген.