Елімізде қызметкерлердің жұмыс уақыты бір жылда 12%-ға қысқарған

1362

Қазақстанда бір жылда пандемия салдарынан қызметкерлердің жұмыс уақыты шамамен 12%-ға қысқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Елімізде қызметкерлердің жұмыс уақыты бір жылда 12%-ға қысқарған

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше, 2020 жылы Қазақстанда коронавирус дағдарысы салдарынан қызметкерлердің (экономика бойынша) жұмыс уақыты өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға қысқарды, ал толық жұмыспен қамтылған жұмыс орындарының санында (аптасына 40 сағат) көрсетілген жұмыс уақытының жоғалуы 939,2 мың бірлік болды. 

Ресей мен Өзбекстанда жұмыс уақыты 8,5%-ға, Қырғызстанда 11,7%-ға азайған. 

"2020 жылғы екінші тоқсан әлем экономикасы үшін өте ауыр болды. Бұл кезде жұмыс уақыты 2019 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 18,2%-ға қысқарды. Бірінші тоқсанда барлық шығын 
5,2%-ға тең болды. Алайда үшінші тоқсанда шығын 7,2%-ға, төртінші тоқсанда 4,6%-ға дейін төмендеді", - деп жазылған хабарламада.

ХЕҰ биыл әлемдік шығын өткен жылмен салыстырғанда 2 есе төмендеп, 3,5%-ға тең немесе толық жұмыспен қамтылған 122 млн млн жұмыс орны (ТЖҚЖО) болады деп болжам жасаған.

"Бұл шығындардың ішінде табысы орташа деңгейден төмен елдерге 42,4 млн ТЖҚЖО немесе 35%, табысы орташа деңгейден жоғары елдерге 49,5 млн ТЖҚЖО (41%). 
Сондай-ақ, табысы жоғары елдердің шығыны 22 млн ТҚЖО, ал төмен елдерде 8,1 млн ТЖҚЖО болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу