Елімізде қызылшаға шалдыққан жүкті әйелдердің саны белгілі болды

399

Бүгінде олардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Елімізде қызылшаға шалдыққан жүкті әйелдердің саны белгілі болды Фото: pixabay.com

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Қызылша ауруы жүктілікті тоқтатуды жүргізудің көрсеткіші болып есептелмейді. Ең қорқыныштысы қызамық ауруы, себебі ол ұрыққа тератогендік әсер етеді. Бүгінгі таңда ауру жұқтырған барлық жүкті науқас, сонымен қатар, ауыр жағдайдағы балалар дәрігерлердің бақылауында", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тілшілер "қызылша жұқтырған қанша жүкті әйел барын" сұрады.

Министр олардың саны 90 екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу