Елімізде магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны артты

Бұған дейін педагогтардың демалыс уақыты 56 күнге ұзартылған еді.   

Елімізде магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны артты Фото: shutterstock

Сол секілді, апталық жүктемесі де 50 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай мәліметті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мысалға келтірді. 
2019 жылы қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заң саладағы көптеген мәселенің оң шешім табуына себепші болған. Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары да жарияланды. 

– Мұғалімдердің апталық жүктемесі 50 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылып, демалыс уақыты 56 күнге ұзартылды. Соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе, балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30%-ға артты. Бұл шаралар педагогтердің әкімшілік жүктемесін азайтып, олардың негізгі міндеті – бала оқыту мен кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуіне жағдай жасады. Нәтижесінде магистр дәрежесі бар мамандардың үлесі үш есе өсіп, 11%-ды құрады, – делінген ақпаратта.

Жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларының арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік 5 елдің қатарына еніп отыр. 
2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жеткен. Бүгінде еліміздегі педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын айтып, кәсіби қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу