2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша макарон өнімдерінің бағасы бір жылда 30,5%-ға артты. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 23,4%, ал 2021 жылдың сәуір айында 12,5% болған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Өңірлер бөлінісінде макарон өнімдері Батыс Қазақстан облысында айтарлықтай қымбаттаған: +61,7%. Антилидердердің қатарында Павлодар (43,7%-ға), Маңғыстау (43,5%-ға) және Атырау (42,4%-ға) облыстары бар.
Макарон өнімдері бағасының ең аз өсуі Ақмола облысында тіркелді: 15,7%. Одан кейінгі орында Алматы облысы (17,5%), Шымкент (24,3%) және Алматы (24,6%) қалалары бар.
Биылғы қаңтар-сәуір айларында 52,4 мың тонна макарон, кеспе, кускус және осыған ұқсас ұн өнімдерін өндірілді. Бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,8%-ға аз.