Елімізде мақта-мата өндірісі 43,6%-ға азайды

644

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Елімізде мақта-мата өндірісі 43,6%-ға азайды Фото: google

Қазақстанда мақта-мата өндірісі 43,6%-ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта-маталар сегментінде 43,6%-ға төмендеу байқалды.

"Осылайша, заттай түрде қазақстандық мата өндірісінің көлемі 2022 жылы 11,5 млн шаршы метрді құрады, ал 2021 жылы ол 20,5 млн шаршы метр болған. Сонымен қатар, кардо және тарақталған мақта өндірісі 10,4%-ға, яғни 48,8 мың тоннаға дейін қысқарды. Сондай-ақ, фетр және киіз шығару өндірісі 6,1%-ға (396,7 млн теңгеге дейін) төмендеді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу