Елімізде мақтаны сатып алу бағасы бекітілді

717

1 және 2 сұрыпты шитті мақтаның сатып алу бағасы бір келісіне 130 теңгеден жоғары болып белгіленді.

Елімізде мақтаны сатып алу бағасы бекітілді

Қазақстандағы мақта саласы негізінен экспортқа бағытталғандықтан, ондағы баға саясаты сыртқы нарықтағы өнімге сұраныс негізінде қалыптасады. Биылғы жылы қазақстандық мақта нарығында шетелдік компаниялардың белсенділігіне әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай мен Еуропадағы коронавирустың екінші толқынының таралуы әсер етті.

Сатып алу бағасын анықтау мәселесін реттеу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Сапаровтың төрағалығымен Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Қазақстандық мақта қауымдастығы және мақта өңдеу зауыттары басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес қорытындысы бойынша биылғы жылдың 9 қазанында Қазақстандық мақта қауымдастығы мақта дайындаушылар және қайта өңдеушілердің жиналысын өткізді. Онда өнімдерді сатып алу бағасы 1 және 2-ші сұрыпты мақтаның 1 келісі үшін кемінде 130 теңге болып бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу