Елімізде мал терісі табыстан гөрі проблемаға айналып барады

441

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы ақсап тұр.

Елімізде мал терісі табыстан гөрі проблемаға айналып барады Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова  елдегі сиыр терісінің 16 пайызы ғана қажетке жаратылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Салада кейбір проблемалық мәселелер бар. Соның бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейінің төмендігі. Мысалы, сүтті өңдеу үлесі 52%, майлы дақылдарда – 45%, етте – 41%, дәнді дақылдарда – 30%, жемістер мен көкөністерде – 3%". Екінші мәселе – өңдеу кәсіпорындарының жүктелу деңгейінің төмендігі. Мысалы, ет өңдеу қуатының жүктелуі 54%, макарон өнімдерінде – 42%, ұнда – 36%, жармада – 23%, жүнде – 26%, теріде – 6,3%", – деді департамент директоры баспасөз мәслихатында.

Министрліктің ресми мәліметі бойынша, жыл сайын алынатын тері мен жүннің 84 пайызы қажетке жаратылмайды.

2023 жылы өндірілген 3,5 млн ірі қара терісінің тек 6%-ы (208 мың) өңделген, 10%-ы (348 мың) экспортталған, ал қалған 84%-ы (2,971 мың) өңделмей қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу