Елімізде мал ұрлығы 20% қысқарды

Мұндай әрекетке көбіне жұмыссыздар барады.  

Елімізде мал ұрлығы 20% қысқарды

Биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында республикада 1,7 мың мал ұрлығы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 19,6% аз, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың осы кезеңінде 2,1 мың ұрлық тіркелген болатын.

Өңірлік тұрғыда құқық бұзушылықтың көбі Алматы (325 жағдай, - 22,1%), Түркістан (232 жағдай, - 1,7%) және Батыс Қазақстан (161 жағдай, + 5,2%) облыстарында тіркелді.

Құқық бұзушылықтарды 737 адам жасаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға аз.

Мал ұрлығымен ұсталғандардың көпшілігі жұмыссыздар: 591 адам. Сондай-ақ құқық бұзушылар арасында 70 жұмысшы, 9 жеке кәсіпкер, 9 студент және 1 мемлекеттік қызметкер бар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, биылғы жылдың 1 қарашасына 8,8 млн бас ірі қара тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7%-ға артық.

Жылқы (3,7 млн бас, + 11,9%), түйе (263,6 мың бас, + 8,7%) және қой (20,3 млн бас, + 4,3%) саны да өсті.

Шошқа саны (-11,6%-ға, 828 мың басқа), құс (-2,1%-ға, 49,3 млн басқа) және ешкі (-1%-ға, 2,4 млн басқа) азайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу