Елімізде Малшылар күні атап өтілмек

863

Үкімет Қаулысымен елімізде Малшылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Елімізде Малшылар күні атап өтілмек

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы осы мәселеге арналған. Құжат бойынша "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізіліп, маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні болып бекітілді.

"Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген Премьер-Министр Асқар Маминнің қолы қойылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу