Елімізде маргарин өндірісі төмендеді

483

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маусым айында республикада 2 мың тонна маргарин өндірілді.  

Елімізде маргарин өндірісі төмендеді Фото: Україна Молода

Мамырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 52%-ға азайған. Ал 2022 жылғы маусымға қарағанда 61%-ға төмен. Бүгінде өндіріс көлемі 2020 жылдың тамыз айынан бастап есептегенде ең төменгі деңгейде тұр, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

"Қазіргі өндіріс көлемі өте төмен. 2022 жылы айына орта есеппен 5,4 мың тонна маргарин өндірілген. Яғни 2,7 есе артық. Бұдан бөлек көрсеткіштің 3 ай қатарынан азайып жатқаны алаңдатады. Соңғы рет мұндай деңгей 2016 жылдың бірінші жартысында байқалған", - делінген хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан маргаринге деген сұраныстың жартысын өзі қамтамасыз етіп отыр. Егер де өндіріс көлемінің азаю тенденциясы жалғаса беретін болса, жыл соңына қарай импортқа тәуелділік артуы мүмкін, деп атап өтті Data Hub.

Айта кету керек, бүгінде маргарин бағасының айтарлықтай қымбаттауы байқалып отырған жоқ. Биыл баға орта есеппен айына 0,9%-ға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу