Елімізде мажар тілін оқыту басталады

145

Мажарстанда мыңға жуық қазақстандық оқып жатыр.

Елімізде мажар тілін оқыту басталады Фото: © Sputnik / Санат Имангалиев

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұрат Нұртілеудің сөзінше, екіжақты қарым-қатынас тек сандар мен келісімдерден ғана тұрмайды.

"Оның құнды рухани негізі мәдени-гуманитарлық байланыста жатыр. Қазір 1 мыңға жуық отандық студент Мажарстанда оқып жатыр, жылына 250 грант бөледі. Осы үшін Мажарстан үкіметіне алғыс айтамыз. Бүгін дипломатиялық академиялар және мажар тілін оқыту орындарын ашу туралы құжаттарға қол қойылуы әріптестігімізді кеңейтудегі елеулі қадам", – деді Мұрат Нұртілеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу