Қазір мажарлық "MOL" мұнай-газ компаниясы 200 млн доллар инвестиция салып, Батыс Қазақстанда ірі газ конденсаты кен орнын игеріп жатыр.
"Globalia" кәсіпорны күн энергиясының 3 станциясын, ал "UBM" холдингі Алматыда, Қарағанды және Қостанай облыстарында жем шығаратын 3 зауытты іске қоспақ. Осы жетістіктермен тоқтап қалмай, ынтымақтастықты одан әрі екпінді түрде жалғастыру үшін магистралды жаңа бағыттарды да айқындадық. Атап айтқанда, Қазақстанда мажар банктерінің филиалдарын ашу, Будапештте мультимодальды терминал салу, Мажарстанға экспортталатын мұнай және мұнай өнімдерін ұлғайту, сондай-ақ уран және сирек кездесетін минералдарды игеру перспективасына сенімім мол", – деді Мұрат Нұртілеу.