Елімізде медиация институтын дамытумен айналысатын орган жоқ

708

Мәжілістің бірінші оқылымында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Елімізде медиация институтын дамытумен айналысатын орган жоқ

"Заң жобасы медиация институтын дамыту және дауды реттеу кезінде азаматтарға көмек көрсету мақсатында әзірленді. Заң жобасының негізгі ережесі татуластыру рәсімін қолдану саласын кеңейтуді көздейді", – деді депутат Снежанна Имашева.

Оның сөзінше, құжатқа алимент төлеу мәселесін у-шусыз реттеу нормасы енгізілген. 

"Азаматтық процестік кодексте  ажырасу ісін сырттай қарауға жол бермеу талабы қосылды", – деді депутат. 

Снежанна Имашеваның айтуынша, елімізде медиация институтын дамытумен жүйелі айналысатын бірде-бір орган жоқ. 

"Заң жобасында тиісті өкілетті органды айқындау және оған осы үшін құзырет беру ұсынылды. Болашақты бұл міндет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктеледі деп үміттенеміз", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу