Елімізде медиацияны дамыту тұжырымдамасы жоқ

759

Қазақстан медиаторлары қауымдастығының бас директоры құжатты қабылдап, бөлек ұйым құруды ұсынды. 

Елімізде медиацияны дамыту тұжырымдамасы жоқ

Азаматтық қоғам істері комитеті елімізде азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша онлайн талқылау өткізді. Жиында Қазақстан медиаторлары қауымдастығының бас директоры Жанділдә Жақыпов құжаттың Дауды шешудің қосымша тәсілдері бөліміне толықтырулар енгізуді ұсынды. Атап айтсақ, медиация дамытудың ортақ тұжырымдамасын бекітіп, арнайы қауымдастық құру мәселесіне тоқталды. 

"Қоғамдық кеңестерде медиаторлар атынан нотариус, заңгерлер мен депутаттар сөз сөйлейді. Ал медиация деген бөлек сала. АҚШ-та мұндай тұжырымдама 1949 жылы қабылданып, тікелей Президентке бағынатын медиацияға қатысты ұйым құрылды. Белорусьте бұл сала Әділет министрлігіне қарап, тек осы ведомство медиациялық сертификат береді. Ресейде оған Білім министрлігі жауапты. Ал көрші Қырғызстанда медиация тұжырымдамасы 2017 жылы бекітілді. Оған мен де атсалыстым. Бізде сертификаттар сатылады, ал тұжырымдама қабылдау туралы хаттамаға 2011 жылы қол қойылды. Бірақ әлі қабылданған жоқ", – дейді Жанділдә Жақыпов. 

Сарапшының сөзінше, елімізде 4 мың кәсіби, 3 мыңға жуық әуесқой медиатор бар. Ал жалпы бұл салаға қатысты ұйымдар саны 100-ден асады. Олардың бірінде 2 адам болса, кейбіріне 100-ден аса адам тіркелген. Сондықтан ол барлығына ортақ ұйым құру мәселесін көтерді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу