Елімізде медицина қызметкерлерін кәсіби қателіктен сақтандырмақшы

1332

Елімізде медицина қызметкерлерін кәсіби қателіктен сақтандырмақшы

"Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру туралы" заң жобасының тұжырымдамасы медицина қызметкерлерінің талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Заң жобасының тұжырымдамасында медицина қызметкерінің  тарапынан кінә болмағанда емделушінің денсаулығына зиян келтіргені үшін материалдық өтемақы енгізу болжанып отыр. Кәсіби қателік деп медицина қызметкерінің емделушінің өмірі мен денсаулығына тікелей немесе жанама зиян келтіру ниеті болмай білместікпен адасуы айтылып отыр", – деп орталық ақпарында көрсетіліп отыр.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру көрсетілген дәрігерлік қызметтің сапасына шағымның көп түсуі себеп болып отыр. 

Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, бұл медицина қызметкері мен емделушінің, сонымен бірге жеке медициналық тәжірибемен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды қоса алғанда  денсаулық сақтау субъекітілерінің де мүліктік мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.

Заң жобасының тұжырымдасын таныстыруда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру мен сақтандыру механизмінің әр түрлі баламалы моделін енгізу ұсынылған.  Денсаулық сақтау ұлттық палатасы тұтынушы кооперативі түріндегі өзара кепілдендірудің  ерікті   қоғамын құруды ұсынып отыр. Бұл емделушілерге өтемақыны төлеу мен басқаруға медицина қызметкерлерінің өзі қатысуға мүмкіндік береді.

Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеуде медицина қызметкерлерінен кәсіби жауапкершілікке кепіл беруді енгізу мәселесіне қатысты жан-жақты қамтылған ы сауалнама жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу