Елімізде медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

102

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда техникалық қарасораны өсіру үшін Ішкі істер министрлігіне 4 лицензия берілген.    

Елімізде медициналық мақсатта қарасора өсіріледі Фото: istockphoto.com

Бұл өндіріспен қазіргі уақытта бір ғана компания айналысуға ниет білдірді. Қазір қарасора Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданында өсіріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, техникалық қарасорада психобелсенді зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) мөлшері өте төмен немесе мүлде болмайды. Сонымен қатар өнім мемлекеттік органдардың бақылауында болады.

– Өсіру процесі кезінде ішкі істер органдары тарапынан бақылау жүргізіледі – қарасорадан кездейсоқ тәртіппен сынамалар алынады. Егер заңға қайшы жағдай анықталса, өнім жойылады. Мемлекет тарапынан төрт деңгейлі бақылау қарастырылған, – деді вице-министр Азат Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу