Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті.
"Сонымен қатар мектептердің 92%-ында дабыл түймелері, мектептердің, колледждердің, балабақшалардың 61%-ында турникет орнатылды, жалпы жұмыс жүргізілуде", - деді спикер.
Ақпан айында Үкімет басшысы облыс әкімдері мен білім басқармаларына жаңа оқу жылының басына дейін барлық мектептерді дабыл түймелері, турникеттермен жабдықтауды және лицензиясы бар күзет компанияларымен келісім-шарт жасауды тапсырған болатын. Еділ Оспан бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп, бақылауда екенін атап өтті. Бұл тапсырманы жүзеге асыруға әкімдіктер қазірдің өзінде 12,7 млрд теңге бөліп, техника сатып алған.
Еске сала кетсек, 13 ақпанда Петропавл қаласындағы N4 орта мектептің 9-сынып оқушысы өзге оқушыларға балтамен шабуыл жасаған. Зардап шеккен екі адам жансақтау бөліміне жатқызылды.