Елімізде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару реттеледі

148

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуын реттеуді жетілдірудің жаңа шаралары қабылданды.  

Елімізде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару реттеледі Фото: 7kun.kz

Құжат мемлекет ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және мемлекет борышын бақылауды күшейтуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

− 2024 жылғы желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің қызметіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Соның ішінде 2021-2023 жылдардың кейбір айларында эмиссиялық бағалы қағаздар бастапқыда жоспарланған көлемнен артық шығарылғаны анықталды. Алайда республикалық бюджеттің бақылау шотында қаражат болады деп болжанған. Бұл бюджеттің 124 млрд теңгеден астам ықтимал шығынға әкелді, − делінген хабарламада.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Қаржы министрлігіне мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және өтеу ережесіне өзгерістер енгізуді тапсырды.

Басты мақсат − алдағы кезеңге арналған бюджет қаражатының қалдықтары бойынша оң болжам болған жағдайда ішкі нарықта мемлекеттік бағалы қағаздардың негізсіз шығарылуына жол бермеу. 

Қаржы министрінің бұйрығымен 30 мамырдан бастап қажетті өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да ұсынымдар мен тапсырмалар толық орындалғанға дейін бақылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу