Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару офисі (Debt Management Office) құрылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Офистің міндеті – мемлекеттің қарыз саясатын жақсартады, ұзақ мерзімді жоспарлар жасайды, қарыздың тұрақтылығына талдау жасайды. Үкіметке шешім қабылдауға ұсыныстар әзірлейді.
"Мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту мақсатында мемлекеттік қарызды басқару офисі (Debt Management Office) құрылып жатыр. Ол офис қарызды басқару саясатын жетілдіру бойынша стратегиялық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, ақпарат жинау, қарыздың тұрақтылығын талдау, шешімдер дайындау операциялық міндеттерін де орындайды", – деп мәлімдеді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.