Елімізде мемлекеттік жәрдемақы төлеу ережесі әзірленді

566

Қандастарға бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін рәсімделеді.  

Елімізде мемлекеттік жәрдемақы төлеу ережесі әзірленді Фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережелерін әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

"Ашық" НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға мыналар енеді:

  • бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалары, оның ішінде 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.

Жаңа редакцияда былай деп жазылған:

  • Бала күтімі бойынша жәрдемақы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген, бала туған күннен бастап ол бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда, ал асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар адамдарға - соттың баланы асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап ол 1,5 жасқа толғанға дейін тағайындалады.
  • Бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындаған кезде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі. Бұл ретте, отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді.
  • Егер 1,5 жасқа толмаған бала қайтыс болса, онда күтім жөніндегі жәрдемақы нәресте көз жұмған айды толық есептей отырып тағайындалады.
  • Қандастарға бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін рәсімделеді.
  • Сонымен бірге, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан беріледі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу