Елімізде мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 864 жоба жүзеге асырылуда

1098

Тартылған инвестиция көлемі 1 трлн теңгеден асады. 

Елімізде мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 864 жоба жүзеге асырылуда

Биылғы жылдың қаңтарында елімізде мемлекеттің қатысуы бар 672 кәсіпорын тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,5% төмен. Оның 86,3%-ы немесе 580-і жұмысын дөңгелетіп отырған кәсіпорындар. 2021 жылы олардың саны да 1,4%-ға азайған, деп деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал өткен жылдың осы кезеңінде елімізде 588 мемлекеттің қатысуы бар компания жұмыс істеген еді. Аталған көрсеткіш 2019 жылдың қаңтарынан 11,3% төмен.  
Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының 4 ақпандағы дерегінше, елімізде мұндай 1,3 мың жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 275-і конкурстық кезеңде болса, 864 жоба жұмысын бастаған. Ал 38 жоба бойынша келісімшарттар бұзылған.

Өңірлер бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберіндегі бастамалардың көбі Түркістан (266 жоба), Шығыс Қазақстан (256 жоба), Жамбыл (93 жоба) облыстарында орналасқан. 

Бұл бағыт бойынша тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Инвестиция тарту бойынша Алматы облысы көш бастап тұр (289,5 млрд теңге).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу