Елімізде мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

294

Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.  

Елімізде мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады Фото: rail-news.kz

Наурыз мерекесі және мейрам алдындағы күндері "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар санының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар мен вагондарды қосады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі қосымша үш пойыз екі бағытта жүретінін мәлімдеді:

  •  "Астана-Алматы-1" бағыты бойынша № 201/202 пойызы, 4 рейс;
  • "Астана-Шымкент" бағыты бойынша № 203/204 пойызы, 3 рейс;
  • "Ақтөбе-Шымкент" бағыты бойынша № 205/206 пойызы, 2 рейс.

Пойыздар қозғалысының кестесі бойынша толық ақпаратты "1433" тегін нөмірі бойынша, "KTZH_PP_BOT" телеграм-боты арқылы алуға болады, сондай-ақ @jolaushylar_tasymaly ұлттық тасымалдаушысының парақшасынан танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу