Ведомство басшысы Марат Ахметжанов полицей әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
"Ішкі істер органдарында жұмыс істеу әр азаматтың қолынан келе бермейді. Осындай тынымсыз, мазасыз жұмысқа келіп, халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген сіздерді батыр қыздар деп есептеймін", – деді министр.
Салтанатты іс-шараға жиналған нәзік жандылар ведомство басшылығына өз алғысын білдірді.
Түркістан облысында аға тергеуші болып жұмыс істейтін Алтынай Жолымбекованың бұл салада жүргеніне 17 жыл. Ақпаратқа сәйкес, полиция майоры қаржы пирамидалары бойынша қылмыстық істерді тергеп, сотқа жолдаған.
Ал, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты Аян Әмзе кәсіби спортшы. Ол бір апта бұрын Тайландта өткен джиу-джитсуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.