Елімізде міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды

624

Елімізде құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшесінде бейнебақылау жүйеcінің жұмыс істеу қағидасы бекіді. 

Елімізде міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды Фото: Google

Енді  бейнебақылау жүйелерімен жеке гигиена орындарын қоспағанда барлық тергеу  кабинеттері қамтылмақ. Бас прокуратура қабылданған  Қағидалар Мемлекет басшысының 2020-шы жылғы 1-ші қыркүйектегі "жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген. Онда   арнайы кабинеттер стандарт бойынша  бейнебақылау камераларымен жасақталуы тиіс.  Ал азаматтың  ұсталғаны туралы дерек тез арада оның туыстарына  хабарлануы қажет. Олардың байланыс мәліметтері хаттамада көрсетіледі. 

"Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сай келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған", дейді ҚР Бас прокуратурасы.

Айта кетейік, бұл  бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады. Ал, бейнебақылау жүйелерінің жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету мен  бейнеархивтің сақталуына  мекеме басшылары тікелей жауапты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу