Елімізде министрлікке жүгінген 10 адамның үшеуі қанағаттанарлық жауап ала алмайды

912

Қазақстандағы министрліктердің рейтингі жарияланды.

Елімізде министрлікке жүгінген 10 адамның үшеуі қанағаттанарлық жауап ала алмайды

Келіп түскен өтініштерге жауап беру және сол жауаптарға азаматтардың қанағаттану деңгейі жағынан министрліктердің рейтингі жарияланды. Оларға жүгінген 10 адамның үшеуі қанағаттанарлық жауап ала алмайды. Арнайы зерттеу жүргізген ranking.kz дәл осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ranking.kz "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес, министрліктердің белсенділігіне талдау жасаған. 11 мамыр бойынша халық пен бизнес өкілдерінің (99,9 пайыз) сұрақтарының бәріне Ұлттық экономика министрлігі жауап беріпті. ҰЭМ-ға 18,1 мың өтініш түскен. Көрсеткіші үздік министрліктердің үштігін Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түйіндейді.

Рейтингтің аутсайдері – Білім және ғылым министрлігі. Бұл ведомствоға жолданған 38,1 мың өтініштің 30,4 мыңына ғана (79,7%) жауап беріліпті.

Ең көп өтініш Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне түскен: 61 мың. Әйтсе де аталмыш министрлік олардың 94,3 пайызына жауап берген. Ең азы Төтенше жағдайлар министрлігінде: оған жеткен 436 өтініштің 96,8 пайызына жауап берілген. 

Ranking.kz сонымен қатар азаматтардың жауаптарға қаншалықты қанағаттанғанын да зерттеп көріпті. "Қанағаттанбадым" деп танылған жауаптардың көбі Денсаулық сақтау министрлігінің "еншісінде". Бұл рейтинг жағынан аутсайдерлер – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу