Елімізде мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді

2826

Елімізде мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді

Мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында  айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа талап бойынша біліктілікті тексеру екі кезең бойынша жүргізіледі екен. Соңғы кезеңде педагог қызметіне сараптама жасалады.

Тапсырмаларды орындауға 200 минут бөлініп отыр. Ал математика, физика, химия мен информатика мұғалімдері үшін қосымша жарты сағат тағы беріледі. Қажет болса аппеляцияға жүгінуге болады. Категория артқан сайын айлықтың 30-50 пайызына тең үстемақы беріледі. Тестілеу нәтижесі бір жылға жарамды. Ұлттық біліктілік сынағы 26 мамыр мен 5 маусым, сондай-ақ 1-10 қараша аралығында өтеді. Өтініш білдіргендер саны 60 мыңнан асады.

"Ол өз еркімен өтеді. Мұғалімдер кімде-кім осы үстеме ақы алғысы келсе, 30-50 пайызға дейін біздің азаматтар өтініштерін беріп, үстеме ақы алу үшін ұлттық біліктілік тестінен өтеді. Қазіргі жаңа жүйе бойынша енгізіліп отырған категорияларға сәйкес, бұл көрсеткіш бірнеше рет көбейді деп айта аламыз. Өйткені бұл қазіргідей, 5 мың, 8 мың, 17 мың емес, жалақының 30, 35, 40 және 50 пайызы", - дейді ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу