Елімізде мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 228,4 млрд теңге төленді

468

Бұдан бөлек еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 25 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер жасалды.

Елімізде мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 228,4 млрд теңге төленді Фото: google.com

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдерге республикалық бюджеттен 203,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны шамамен 535,6 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 197,3 мың адамды құрайды.

Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 90,8 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 59,2 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері – 33 395 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 34 405 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу