Былтыр мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны бір жылда 1,8%-ға, 539,1 мың адамға дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Жәрдемақы алушылардың айтарлықтай бөлігі Түркістан облысында тұрады: 75,9 мың адам. Үштіктер қатарында Қарағанды облысы (40,6 мың адам) және Алматы қаласы (39,2 мың адам) бар.
Қарағанды облысында жәрдемақы алушылардың саны бір жылда 18,3 пайызға азайған. Оған өңірдің Қарағанды және Ұлытау облыстарына бөлінуі себеп.
Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылардың ең аз саны Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Осы жылдың басында мүгедектік бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарында 24,7 мың адам тұрды. Бұл былтырғыға қарағанда 3,9 пайызға артық.
2022 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер 130 мың адамға көрсетілді.