Елімізде мүмкіндігі шектеулі баланы мектепке қабылдау тәртібі заңмен нақтыланады

777

Парламент Сенатында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша заңға енгізілген өзгерістер қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі баланы мектепке қабылдау тәртібі заңмен нақтыланады

Бұл заң ерекше білім беруді қажет ететін азаматтардың қолжетімді білім алуға септеспек. Осылайша, мемлекет олардың инклюзивті білім алуына баса назар аударып отыр. Заңға сәйкес бұдан былай ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын ұйымдар білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сай бейімдеуге тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балаларды балабақшалар мен мектептерге қабылдау тәртібі заңмен нақтыланады.

"Мемлекет басшысы өз Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға білім алу үшін тиісті жағдай жасауды тапсырды. Соның аясында Парламент депутаттары осы заңды арнайы әзірледі. Алдағы уақытта бұл заң мемлекеттің білім беру саясатын жетілдіреді және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кемсітусіз білім алуларына тең мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу