Елімізде мұнай айналымының 95,8%-дан астамы цифрлық форматқа көшірілген

230

Цифрлық трансформация картасы аясында мұнай, газ және электр энергиясы салаларында цифрландыру жүзеге асырылады. 

Елімізде мұнай айналымының 95,8%-дан астамы цифрлық форматқа көшірілген Фото: Вестник Белнефтехима

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының энергия ресурстарын онлайн есепке алуға қатысты тапсырмасына сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Энергетика вице-министрінің дерегінше, ведомство ақпараттық жүйелер арқылы жетекшілік ететін салалардағы ресурстардың күнделікті есебін жүргізеді. Атап айтқанда, мұнай айналымының 95,8%-ы цифрландырылды. Жүйеге 38 мұнай өндіруші, 4 мұнай тасымалдау ұйымы, 7 мұнай өңдеу зауыты қосылған. Тағы 26 мұнай өңдеу зауыты, 10 мұнай базасы, 3155 автожанармай құю бекеті бойынша есеп жүргізіледі.

Сонымен қатар egov.kz порталында газдандыру бойынша техникалық шарттарды алуға өтініштерді қабылдау бойынша сервис іске қосылып, автожанармай құю станциясында жанар-жағармайдың болуы бойынша сервис құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу