Елімізде мұнай өңдеу көлемі ұлғаяды

785

Елімізде мұнай өңдеу көлемі ұлғаяды

Жыл соңына қарай Павлодардың мұнай-химия зауыты авиациялық керосин шығара бастайды. Осылайша жаңғыртудан өткен отандық үш зауыт Қазақстанның авиаотынға деген сұранысын 100% қамтамасыз етеді. Павлодардың мұнай-химия зауытында кәсіпорынды жаңғырту жобасы аяқталуға жақын. Осы жұмыстардың арқасында жоғары октанды бензин өндірісі 300 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар зауыт шығаратын жанар-жағармайдың сапасы К-4 және К-5 деңгейіне көтеріледі. Жаңадан салынған технологиялық кешендер мұнай өңдеу көлемін 5 миллионнан 6 миллион тоннаға дейін арттыруы ықтимал. Зауыт толық жаңғыртудан өткенде, өңделетін мұнай өнімдерінің сапасы Кедендік одақ талабына сай  болады.

"Бұл зауытта 1 қазанда 3 жаңа қондырғы іске қосылатын болады және 1 қарашада жалпы модернизациялау, жаңғырту жұмыстары бітеді. Қазірдің өзінде зауыт басшылығы, "ҚазМұнайГаз" вице-президенті бізге осы мәселе туралы кепілдік беріп отыр. Жаңарған зауытта жанармай мен авиакеросин сапасы артады", - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу