Елімізде мұнайдың жаңа кен орны табылды

698

Қара алтынның жаңа орны барлау жұмыстарын жүргізу барысында байқалған. 

Елімізде мұнайдың жаңа кен орны табылды

Еліміздің батысы мұнайдың жаңа кен орнымен толықты. Маңғыстау облысы Бектұрлы кенінде тәулігіне 100 текше метрге дейін атқылайтын мұнай көзі анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының таратқан ақпарына сәйкес, қара алтынның жаңа орны барлау жұмыстарын жүргізу барысында байқалған. Қазірде кәсіпорын қызметкерлері геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерді жүргізіп жатыр.

Қор анықталған Шығыс Бектұрлы учаскесі Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында орналасқан. Ұлттық компанияның хабарлауынша, жаңа кен орындарындағы барлау жұмыстарын серіктес компания өз мойнына алған. Егер барлау оң болса, серіктес мұнай өндіру арқылы жұмсалған қаражатты қайтарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу