Елімізде мыңнан аса атыс қаруы ерікті түрде тапсырылды

627

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елімізде мыңнан аса атыс қаруы ерікті түрде тапсырылды

Спикердің айтуынша, ел аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акцияны жүргізілуде. 

"Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың жай-күйіне қарай 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем көзделеді. Осы уақытқа дейін полицияға 1 192 дана атыс қаруы ерікті түрде тапсырылды. Оның ішінде 1 автоматты ойық, 179 ойық ұзын ұңғылы, 4 ойық қысқа ұңғылы, 996 тегіс ұңғылы, 12 травматикалық, 5 жарылғыш құрылғы және шамамен 9,5 мың ойық ұңғылы қарудың патрондары бар", – деді Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу