Елімізде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,6%-ға артты

490

2022 жылғы қаңтар-қараша аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 пайызға өсті.  

Елімізде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,6%-ға артты Фото: gov.kz

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оның ішінде білім саласына құйылған инвестициялар 40,5%-ға, сауда – 31,2%-ға, құрылыс – 27,2%-ға, көлік және қоймалау 11,5%-ға артты. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 11,5%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,2%-ға, өнеркәсіп – 4,2%-ға, тау-кен қазу өнеркәсібі – 13,4%-ға өсті", - деп атап өтті Үкімет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу