Елімізде неке сақинасы 38%-ға қымбаттады

1192

Некеге тұрғандар саны 7%-ға қысқарды.  

Елімізде неке сақинасы 38%-ға қымбаттады Фото: www.kp.ru

2022 жылғы қаңтар-қазан аралығында зергерлік бұйымдардың өндіріс көлемі 1,15 млрд теңгені құрады (ақшалай мәнде 4,1%-ға өсті). Бұл ретте нақты мәнде сектордағы өндіріс 3,2%-ға азайды, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл зергерлік бұйымдардың бағасы өсті. Мысалы, қараша айының қорытындысы бойынша алтын сақиналар өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 37,6%-ға қымбаттаған. 

Солтүстік Қазақстан облысында алтын сақина бір жылда 71,6%-ға қымбаттады. Антилидерлер қатарында Жетісу (+68,3%) және Алматы (+66,6%) облыстары бар. Сонымен қатар тиісінше Астана (+51,5%), Шығыс Қазақстан облысы (+49,9%), Алматы (+48,5%) және Ақмола облысында (+44,9%) да өсім байқалып отыр.

Ал, бағаның ең аз жылдық өсімі Атырау (+3,7%), Батыс Қазақстан (+10,7%) және Қызылорда (+11%) облыстарында тіркелді.

Жыл басынан бері алтын неке жүзік 37,2%-ға қымбаттады.

Қараша айында бұл сектордағы бағалар көп өзгеріске ұшырамады. Наурыз айында ғана баға 27,8%-ға өсті.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 98,3 мың неке тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға аз. Қалаларда неке тұрғандар саны 10,7%-ға қысқарса, ауылдарда 2,9%-ға артқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу