"Коллекторлық қызмет" туралы жаңа заң бойынша бұдан былай "Коллекторлық агенттік" өзінің клиенттері жайлы несие бюросына толыққанды ақпарат беріп отыруы тиіс, деп жазады 24.kz
"Бұл талап қарыз алушыларға ғана емес банктерге де тиімді", - дейді сарапшылар.
Бұрын банктер мерзімі өтіп кеткен несиелерді коллекторларға қайта сату арқылы қарыз алушылардың несиесін төлеген-төлемегенін біле алмайтын. Енді ондай ақпараттар несие бюросына жинақталады. Ал оны қаржы ұйымдарының 90 пайызы пайдаланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу