Мұнда 5 бағыт бойынша мамандар әзірлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, продюсерлік, сценарий жазу, ойындардың дизайны мен әзірлемесін жасау, сондай-ақ анимация және визуалды эффектілер бойынша кадрлар дайындайды.
Сабақ қыркүйек айында басталады. Мерзімі – 1 жыл. Оқу ағылшын тілінде жүреді. Дәрісті америкалық профессорлар оқиды.
Бірінші кезеңде филиал 200-ге жуық адам қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл әзірге Нью-Йорк киноакадемиясының Орталық Азиядағы алғашқы филиалы. Алдағы уақытта паркте түсірілім павильонын салу көзделген.
Айта кетейік, Креативті индустрия паркі былтыр Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында ашылды.