Елімізде ойын бизнесінің түсімі ұлғайды

531

Жыл ішінде бұл саладағы кәсіп иелерінің пайдасы 8 есеге артқан. 

Елімізде ойын бизнесінің түсімі ұлғайды Фото: express-k.kz

Бірінші кредиттік бюро таратқан мәліметке сәйкес, құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін биылғы 9 айдың ішінде 456,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі көрсеткіш 53,8 млрд теңге болған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ғана емес, алдыңғы 3 жылдағы көрсеткішті қоса алғандағы сомадан (167,3 млрд теңге) 3 есе көп.

Биылғы өткен үш тоқсанның әрқайсысында ойын бизнесін ұйымдастырушылардың түсімі өте жоғары болған:
Қаңтар-наурыз  - 138,84 млрд теңге;
сәуір – маусым - 155,57 млрд теңге;
шілде – қыркүйек - 161,79 млрд теңге.

Статистикалық деректерге сәйкес ойын бизнесіндегі айналымнан көп сома тек бағдарламалау (9 ай ішінде 512 млрд теңге), сәулет, инженерлік іздеу және техникалық сынақ  (601,2 млрд теңге) және жылжымайтын мүлік операциялары (1,04 трлн теңге) салаларында болыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу