Елімізде ойын-сауықтық шаралардың саны қысқарды

1235

Сонымен қатар туроператорлар қызметтеріне сұраныс төмендегені байқалады. 

Елімізде ойын-сауықтық шаралардың саны қысқарды

Energyprom.kz мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың бірінші жартысында спорт, мәдениет, кинематография мен шоу-бизнесте қызмет көрсету дейгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Мәселен, 2019 жылдың бірінші жартысында спорт саласында қызмет көрсету 7,1%-ға, кино мен дыбыс жазуда 6%-ға, шоу-бизнесте 0,2%-ға төмендеген. 

Өткен жылы бұл бағыттар қарқынды дамыған. Атап айтсақ, кинематография мен дыбыс жазу саласы 41,8%-ға, шоу-бизнес 14,5%-ға өскен. 2017 жылы да бұл көрсеткіштердің динамикасы жоғары болған. Ол 2017 жылы Алматыда өткен Универсияда, бас қаламызда ұйымдастырылған EXPO сынды ауқымды шараларға байланысты. Соған сәйкес ойын-сауықтық, танымдық шарларды ұйымдастыратын салалар мемлекеттік қолдауға тәуелді екенін байқауға болады. Сарапшылардың пікірінше, ауқымды ойын-сауықтық, танымдық шаралар өткізу қауіпті бизнес. Себебі салынған инвестицияның қайта толығу мүмкіндігі төмен және логистикалық шығындар көп. Әрі елімізде ірі ивенттерді жүйелі түрде ұйымдастыратын компаниялар өте аз. Алайда мұндай шаралар туристік саланы дамыту үшін аса қажет. 
Туроператорлар қызметіне сұраныстың төмендеуі ойын-сауықтық, танымдық шаралар санының қысқаруына байланысты болуы мүмкін. Туристік мекемелер жүргізген сауалнама нәтижесінде, 2019 жылдың екінші тоқсанында туристік қызметке сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға төмендеген. 

2019 жылдың екінші тоқсанында туристердің басым бөлігі шетелге саяхаттаған. Бұл туралы сауалнамаға қатысқан респонденттердің 73%-ы айтқан. Оның басты себебі ретінде сауалнамаға қатысқандар шетелде туристік инфрақұрылымның дамығанын, қызмет сапасының жоғары екенін айтқан. 

Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанында туристік қызметке сұраныс артады деп күтілуде. Оған себеп 2019 – 2025 жылдары туристік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы. Сонымен қатар еліміздің туристік секторында негізгі оператордың пайда болуының өзі үлкен жетістік.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ жыл сайын Қазақстанды әлемдік туристік нарыққа шығару бағытында медиа жоспар жасап, маркетингтік коммуникациялардың үздік тәсілдерін пайдаланады. Соның бірі – әлем туристерінің қызығушылығын арттыруға бағытталған ауқымды ойын-сауықтық шарала ұйымдастыру. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу