Елімізде оқитын ауған студенттері Қазақстан билігінен көмек сұрап отыр

1209

 Қазақстанда оқитын ауған студенттері еліміздің білім және ғылым министрлігінен көмек сұрады, деп хабарлайды Atameken Business.    

Елімізде оқитын ауған студенттері Қазақстан билігінен көмек сұрап отыр

Ауғанстанға оралуға жүрексінген олар Қазақстанда қала тұруды өтінеді. Алматы қаласына осыдан 7 жыл бұрын оқуға келген Фазыл Бахигтің виза мерзімінің аяқталуына сәл-ақ қалды. Бірақ оның туған жеріне қайтқысы жоқ. Өйткені тәліптер басып алған елді үрей билегенін айтады. Ауғанстандағы жақындары да қорқынышта өмір сүріп жатқан көрінеді. "Сондықтан туған жерімізге барсақ, Қазақстанға оралуымыз екіталай", - деп отыр. Білім және ғылым минисрлігіне хат жазған студенттер Ауғанстандағы қауіп басылмайынша, осында қалуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу