Елімізде оқушылардың 53%-ы қашықтан оқып жатыр

1160

1 наурыздан бастап 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушылары аралас форматта оқытуға көшірілген. 

Елімізде оқушылардың 53%-ы қашықтан оқып жатыр

Бүгінде елімізде оқушылардың 53%-ы қашықтан оқып жатыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1  наурыздан бастап 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушылары аралас оқытуға көшірілген. 

"Қазіргі таңда оқушылардың 47%-ы штаттық режимде, 53%-ы әлі қашықтан білім алып жатыр. Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты штаттық немесе қашықтан оқытатын пәндерді әр білім мекемесі дербес анықтауға құқы бар", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Шолпан Каринова оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқитынын түсіндірді.

"Оқушылар ауырған жағдайда немесе науқастармен байланыста болғанда ата-аналардың өтініші негізінде олардың қашықтан оқуға мүмкіндігі бар", - деді ол.

Вице-министр білім беру ұйымдарында санитарлық талаптар қатаң сақталуы керегін, оған білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорлары жауап беретінін атап өтті.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу