Елімізде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды

166

Оған 2462 орта білім беру ұйымдарындағы төртінші және тоғызыншы сыныптардан 150 мың оқушы қатысады. 

Елімізде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды Фото: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

15 сәуірден бастап Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"Су тасқыны жағдайына байланысты алты өңірде: Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО-да ББЖМ өткізу 15 сәуірден 29 сәуірге ауыстырылады. Қалған өңірлерде штаттық режимде өтеді. Мониторинг оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Абылканова.

Айта кетейік, ББЖМ 3 мамырға дейін жалғасады. Осы жылы тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS сынды халықаралық бағалау жүйелерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу