Елімізде 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша,байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
"Қатысушылар төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынады."Туған өлке табиғаты", "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем", "Үздік экологиялық бастама", "Таза қала сізден басталады". Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сынып аралығында анықталатын болады", - деді "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.