Елімізде өлім-жітім көрсеткіші 18%-ға өсті

1498

Қайтыс болған нәрестелер саны да артты.

Елімізде өлім-жітім көрсеткіші 18%-ға өсті

2021 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанда қайтыс болғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 17,8% -ға, 76,6 мың адамға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Соның ішінде ауылдарда бұл көрсеткіш 12,2%-ға, 28,5 мың адамға дейін, қалаларда 21,5%-ға, 48 мың адамға дейін артты.

41 мың ер адам қайтыс болды, (өсім - жылына 16,5%), әйелдер - 35,6 мың (өсім - 19,4%).

Айта кететіні, 2020 жылдың қаңтар-маусымында қайтыс болғандар саны 65 мың адам болған, жылына көрсеткіш 2,5%-ға төмендеді, алайда, 2020 жылдың соңына қарай, көрсеткіш 162,6 мың адамға жетті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда бірден 21,8%-ға жоғары.

Өңірлер бойынша өлімнің көп бөлігі Алматы облысында тіркелді: 8,1 мың адам - ​​2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бірден 20,2%-ға көп. Қайғылы статистика бойынша тізімнің басында Шығыс Қазақстан облысы (8,1 мың өлім, жылына 18,3% өсім) мен Алматы (7,7 мың өлім, 33,4% өсім) тұр. 

Еліміздің 17 аймағының ешқайсысы биыл өлім-жітімнің төмендеуін тіркеген жоқ.  Көрсеткіштің ең жоғары өсуі Алматыда, ең төмені Қызылорда облысында тіркелді (1,6%-ға, 2,4 мың адамға дейін).

Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар-маусымында 1 жасқа дейінгі сәбилер арасындағы өлім-жітім 12%-ға, 1,7 мың адамға дейін өсті. Қайтыс болғандардың ішінде - 937 ұл және 751 қыз бала бар.

 Нәресте өлімінің ең көп тараған себебі - перинаталдық жағдайлар: 932 өлім. Туа біткен ауытқудан 335 сәби, ал жұқпалы және паразиттік аурулардан 72 бала қайтыс болды.

Жалпы, елдегі өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 8,12 құрады, өткен жылдың осы кезеңіндегі 6,96-ға қарсы, нәресте өлімінің коэффициенті бір жыл бұрынғы 7,64 -ке шаққанда 1000 туылғанға 7,81 құрады.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу