Бұл жайында Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Салаға инвестициялар ағымы артуда, 2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 141 млрд теңгені құрады немесе 12%-ға артты. Жеке позициялар бойынша экспортқа өткен жылы шектеулер енгізгеніне қарамастан, өндіріс көлемін өсіру есебінен 2022 жылда агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспорты 5,6 млрд долларды құрды, 2021 жылдың деңгейінен 46%-ға артық. Бұл ретте, өңделген өнімнің экспорты 64%-ға өсіп, 2,3 млрд долларды құрады", – деді министр.
Экспорттағы өңделген өнімнің үлесі 37%-дан 42%-ға өсті. Өңдеу салаларының құрылымы бойынша бірінші үштікті ұн өндіру – 17%-бен, сүт өнімдерін және ет өнімдерін өндіру – 16%-бен тиісінше бастап тұр. Одан кейінгі орынды өсімдік майлары (8%), қант (4%), жарма (2%) өндірісі алады.