Бұл туралы Үкімет отырысына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
"Экспорт 38 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 12,1 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 29,3 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 8,7 млрд долларға тең", – деді министр.
Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3%-ға өсті.
Көрсеткіштің өсуі 14 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті.
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,7%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 43,3%-ға және электр жабдықтарын жасаудың – 34,4%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 4,5%, химия өнеркәсібі – 4,1%, металл бұйымдары – 8,1%, сусындар өндірісі – 6,4%, пластмасса бұйымдары – 8%, жеңіл өнеркәсібі – 21%.
Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3,8%-ке жоғарлады.
Бұл ретте мұнай өндіру – 5,6%-ға, газ өндіру – 2,5%-ға, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 14,2%-ға, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 2,4%-ға өсті.
Металл кендерін өндіру – 0,5%-ға, көмір өндіру – 6%-ға төмендеді.
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,2%-ға ұлғайды.
17 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалды.